Қазақстан сандық қызметті экспорттауы мүмкін

Astana TV

Baiterek National Management Holding, the sovereign wealth fund of Kazakhstan, signs agreement with Singapore’s Quest Ventures to grow its digital economy.

“Қазақстандық стартаптар шетелдік венчурлық инвесторлардың қолдауына мұқтаж. Бұл туралы «QTV Sessions» форумында «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингінің директоры Әділ Нұрғожин мәлімдеді. Ол отандық стартаптар шетелдік нарыққа шығуға қауқарсыз,-деді. Сондықтан өнертапқыштарды қолдау мақсатында әлемдік қорлармен ынтымақтастықты арттыру керектігін айтты. «Бәйтерек» ұлттық басқару холдингі “Quest Ventures” сингапурлық венчурлық қоры және Тайландтың ұлттық инновациялық агенттігімен келісім-шартқа қол қойды. Енді отандық стартаптарға Сингапур және Таиланд компаниялары қолдау көрсететін болды. Осылайша Қазақстанда сандық қызметті экспорттауға мүмкіндік туды.”

More

SBR Hottest Startups 2019
Steering startups

MORE PRESS